1 сәуір жерлесіміз, жазушы, филология ғылымының кандидаты, тарих ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салғарин Қойшығара ағамыздың туған күні. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
САЛҒАРИН ҚОЙШЫҒАРА - (1.04.1939 ж.т., Жангелдин ауд. Көкалат а.) ҚазМУ филология ф-тінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолдын туған а-нда шопан болып бастаған. 1964-71 ж. аралығында Қазақ радиосында редактор, Қостанай обл. бойынша меншікті тілшісі болып істеді. 1971-75 ж. Торғай обл. телерадио к-тінің бас редакторы болды. 1975-90 ж. респ. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Бұдан кейінгі үш жылда Қазақ стан ҒА-ның Әдебиет және өнер ғыл.-зерт ин-тында ғыл. жұмыспен айналысып, 1993-97 ж. Қазақстан Республикасы Мемл. хатшысының кеңесшісі, Мемл. саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы болып істейді. 1997 ж. ҚР-ның Қытай Халық Республикасының елшілігінде қызмет атқарып қайтты. Осы сапарының нәтижесінде «Дунху, Гаучы», «Түріктер», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» кітаптары дүниеге келді. Қытайдан оралғаннан бергі кезеңде Еуразия ұлттық ун-тінде гуманитарлық ғылымдар ғыл.- зерт. орт-ның жетекші қызметкері болып істейді. С. қаламгерлік жолын сықақ өлеңдерден бастаған. Алғашқы сықақ өлеңдер жинағы «Ілгешек» деген атпен 1966 ж. жарық көрді. Бері келе деректі проза мен тарихи тақырыпқа ауысып, «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тамыр», «Көмбе», «Қазақстың қилы тарихы», «Қазақтар» роман- әсселерін жазды. «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғанға кейін» деп аталатын екі томдық тарихи шығармасы жарық көрді. Жазушы бұл шығармаларында КСРО мемл. сыйлығының лауреаты В.Чивилихиннің «Память» кітабындағы Еуразия көшпенділерінің тарихына қатысты теріс пікірлерге тойтарыс берді. Саяси тарихты өркениет тарихымен қабыстыра отырып, ғыл.- әдістемелік тұрғыдан соны тұжырымдар ұсынды. С. «Қазақстар» роман - эссесі үшін ҚР Мемл. сыйлығының (1996), «Ұлы қағанат» кітабы үшін Күлтегін сыйлығының (2009) иегері атанды. Қазақ этнологиясына қосылған сүбелі үлес болып табылатын «Ұлы қағанат» еңбегінде автор таптауырын болған тарихи қисындамаларды бұзып, жаңа ғыл.көкжиектерге үңілген. Далалықтарға, ежелгі және орта ғасырлық түркілерге, ежелгі шығыс түркілеріне, ежелгі қытайлықтар мен далалықтарға, сиуну- моңғолдарға, сиуну- қытай соғыстарына және оның себептеріне, ежелгі татарлар (ухуэн, сиянби, мужундар мен тобалар) тарихына тоқталады. Шығыстағы ежелгі түркілерді, шығыстағы қыпшақтар мен усундарды, көшпелілер мемлекетін құлатудағы «император қыздарының» рөлін ашып көрсетеді. Зерттеуші бұл еңбегі арқылы тарихтың табиғаиқа үйлесу кезеңінің қасіреті мен арпалысын барынша шынайы кескіндеген. Ол Еуразия кеңістігінің біржолат қалыптасу кезеңін жан- жақты ашып береді.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1899-sal-arin-ojshy-ara-a-amyzdy-tu-an-k-ni.html#sigFreeIdc73def653f