Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

14 мамыр 2020 жыл Жеңіске 75 жыл

14 мамыр 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

БЕКТАУОВ ЗЕЙНЕЛҒАБИ

1921 жылы Торғай ауданының Саға ауылында туған. Әскерге 1941 жылдың желтоқсанында шақырылған. Әуелі 21 атқыштар полкінде, кейін 234 танк полкінде жауынгер болған. Армия қатарынан 1946 жылы мамыр айында босап келген. Білімі 7 сыныптық. Әулиекөлдегі трактор бригадирлерінің курсын бітірген. 1948 жылы наурыздан бастап Молотов атындағы ұжымшарда, кейін 1955-1959 жылдары Албарбөгет МТС-де трактор бригадасын басқарды. 1960 жылға дейін «Октябрь» ұжымшарында, 1960-1964 жылдары «Қызбел» кеңшарында трактор бригадасының бригадирі болса, 1981 жылы зейнетке шыққанға дейін сол кеңшарда машина ауласының меңгерушісі болып еңбектенді. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. 1993 жылы наурыз айында қайтыс болды.