2 сәуір, ақын,драматург, журналист, жазушы, сатирик Абылай Маудановтың туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз
Мауданов Абылай Фазылханұлы -2.04.1983 жылы Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Албарбөгет орта мектебін тәмамдап, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне түсті. 2005 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірді. Шығармашылық еңбек жолын 2003 жылы «Алға» журналынан бастады. 2004-2005 жж. «Арқалық хабары» газетінде, 2006-2007 жж. «Қостанай таңы» газетінде , 2006-2012 жж. облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында жүргізуші-редактор, 2012 жылдан «Хабар24» телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі қызметінде болды.2004 жылы өткен VІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің иегері, «Бір өлең - бір әлем» республикалық мүшайрасының лауреаты, Облыстық Меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының «әдебиет», «журналистика» аталымы бойынша екі мәрте иеленген. «Қазақстан» ұлттық арнасы» АҚ журналистері арасында өткен байқаудың екі мәрте ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған, облыстық, республикалық мүшайралардың бірнеше мәрте жеңімпазы. «Сары дәптер», «Өр Торғай - ерлік мекені», «Болмысы бекзат бабамыз» атты кітаптардың авторы. Өлеңдері республикалық жас ақындар альманағына енген.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1904-sary-d-pter-r-tor-aj-erlik-mekeni-bolmysy-bekzat-babamyz-atty-kitaptardy-avtory.html#sigFreeIdb23d6c9878