Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Кұрметті азаматы Кәкімжан Карбозовтың туған құттықтаймыз

3 сәуір, зоотехник, еңбек ардагері, Жангелдин ауданының құрметті азаматы Кәкімжан Карбозовтың туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз
Карбозов Кәкімжан - 3.04.1938 ж. Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылында туған - зоотехник, еңбек ардагері. Қостанай зоотехн.-малдәрігерлік техникумын бітірген (1956). Еңбек жолын кіші мал дәрігері болып бастап, 1970-92 ж. «Еңбек» кеңшарының Көлқамыс бөлімшесін басқарды. 1976 ж. мал ш-н шоғырландыру және топтастыруға, 1982 ж. мал дәрігерлік жаңа әдіске көшуге байланысты басталған мемл. науқандарға ауданда алғашқылардың бірі болып үн қатып, жаңалық жаршысы болды. Елімізде жаңа экон. және әкімш.қатынастардың басталуына орай 1992 ж. аудан бойынша жеке шаруа шаруашылығын бірінші болып қолға алды. 2005 ж. Көлқамыс ма-нда өз қаржысына Мәдениет сарайын салдырды. «Құрмет белгісі» орденімен (1981) марапатталды. 2002 ж. аудан бойынша Жыл адамы атанды. Бірнеше рет Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд. к-тінің мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болып сайланды.