Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

19 мамыр 2020 жыл Жеңіске 75 жыл

19 мамыр 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

ИСКАКОВ ИСЛАМБЕК

1917 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданының қазіргі Ақшығанақ ауылдық округында туған. 1939 жылы қыркүйек айында Алматы қаласының Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынады. Ұлы Отан соғысы басталатын 1941 жылдың 1 шілдесінен 544-ші гаубицалық артиллериялық полктің құрамында соғысады. 1942 жылдың желтоқсан айынан 1943 жылдың қыркүйек айына дейін Тамбов артиллериялық техникалық училищенің курсанты, содан кейін артполктің құрамында батарея старшинасы болды. Елге 1946 жылдың сәуірінде келді. Сталинградты және Москва қалаларын қорғауға қатынасқан. Елге оралғаннан кейін алдымен аудандық тұтынушылар одағының сауда жөніндегі орынбасары, кейін Торғай ауданы бойынша облыстық партия комитетінің штаттағы насихатшысы. Ал 1948 жылы жоғарылатылып аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1951 жылдан аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, аудандық дайындау мекемесінің директоры, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1970-1980 жылдар арасында әуелі аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, кейін аудандық мемлекеттік сақтану инспекциясының бастығы болды. Қызыл Жұлдыз ордені, «Москваны қорғағаны үшін» және Жеңіс пен Қарулы Күштердің мерекелік медальдары бар. 1985 жылы 8 мамырда қайтыс болды.