ҚЫПШАҚБАЕВ НАРИМАН - (27.05.1934 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел а.). Қазақ Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі (1980). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1958). Еңбек жолын Түрген өзенін бақылайтын су маманы ретінде бастап, 1958-60 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық суландыру жүйесі басқармасы су пайдалану бөлімінің бастығы, 1960-69 ж. Қазақ КСР Мелиорция және су шаруашылығы министрлігіндегі аға, бас инженер, бөлім бастығы, 1969-74 ж. Семей облыстық кеңесі Мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы, 1974-81 ж. министрдің орынбасары, Қазақ КСР-ның Су пайдалануды реттеу және қарғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, 1981-88 ж. Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі, 1988-96 ж. министрдің 1-орынбасары, ҚР-ның су қорлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Орта Азия мемлекеттерінің су мәселелері жөніндегі ғылыми –ақпараттық орталық бөлімшесінің директоры сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған (1985-90), екі мәрте «Құрмет белгісі» (1973,1976), Еңбек Қызыл Ту (1981) ордендерімен марапатталды.
27 мамыр күні гидротехник, қоғам қайраткері, жерлесіміз Қыпшақбаев Нариман ағамыздың туған күні. Мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.