21 мамыр 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
ЕСЕТОВ ӘБДІҒАЗИ
1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Шеген ауылында туған. 1939 жылға дейін серіктестіктерде, ұжымшарда еңбек еткен, одан кейін Торғай аудандық партия комитетіне штаттағы насихатшылыққа алынған. 1942 жылдың маусымына дейін «Социалистік ауыл» газетінде әуелі бөлім меңгерушісі, кейін жауапты хатшысы болып істеген. 1942 жылы Торғай аудандық әскери комиссариаты армия қатарына шақырған. 1944 жылдың тамыз айына дейін бірінші гвардиялық миномет полкінде жүргізуші болған. Тамыз айында оң жақ қолынан ауыр жарақат алып, 1945 жылдың қаңтарына дейін госпитальда емделіп жатқан. Елге оралған соң, 1945 жылдың ақпан айынан Жангелдин ұжымшары басқарма төрағасының орынбасары боп қызмет атқарады. 1949 жылы «Қызыл әскер» ұжымшарында басқарма төрағасы болды. 1950 жылдан 1953 жылға дейін Бестау мал дайындау пунктінің меңгерушісі боп қызмет атқарады. 1954 жылдан 1964 жылға дейін түрлі мекемелерде шофер боп істеді. 1965 жылы «Торғай» кеңшарында аға шопандық жұмысқа келді. 1967 жылы зейнетке шықты. Ол кісі 1994 жылы дүниеден өтті.