31 мамыр - Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын - сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Қуғын - сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.
"Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай - ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.
Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата - бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде.
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күнінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби музейінде еске алу күні өтті. Іс шараға аудан әкімі, аудан депуттаттары, басшылар мен мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1960-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryn-eske-alu-k-ni.html#sigFreeIdaa6128924f