Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай - ақ рәміздер - халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран - қиырда жүрген әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке - бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздеріміз арқылы дөңгеленген дүниеге біз үшін тыныштық пен түсіністік, ізгілік пен татулықтан асқан қымбат ұғым жоқ екенін жеткізіп келеміз.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!