Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

Бүгін қазақ руханияты үшін үлкен мерейлі күн. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл.

Абай — тек қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың ортақ рухани қазынасына айналған тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері — терең философияның, ұлттық болмыстың, адамгершілік пен білімге ұмтылыстың жарқын көрінісі.

Абай Құнанбайұлының туған күні — 10 тамыз — Қазақстанда Абай күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн еліміздің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаны ұлықтау, оның мұрасын насихаттау мақсатында 2020 жылдан бастап ресми түрде аталып өтуде.