1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – жаңа бастамалар мен үміттерге толы ерекше күн. Білім ордасына алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге сәттілік, шәкірттерге жаңашылдық пен биік белестер, ал ұстаздар қауымына қажырлы еңбек пен шығармашылық шабыт тілейміз!
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша жанға алғысымызды білдіреміз. Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын!














