Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, еңбек ардагері Бодыққызы Мұқлиса өмірден өтті. Туған туыстары, ағайын, бауырлары, отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Жаны жәннәттан, орны жұмақтан болсын.
БОДЫҚОВА МҰҚЛИСА - (1937 ж.т., Жангелдин ауд. Шұбалаң а.) - еңбек ардагері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1975 ж. сайланған). Ұзақ жылдар бойы Шұбалаң а-ның сиыр фермасында сауыншы болып, сүт өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 1990 ж. кеңшардағы комсомол-жастар бригадасына жетекшілік етті. Қазақстан әйелдерінің І және ІІ съездерінде делегат болып қатысқан. Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен марапатталған.














