Жангелдин жерінде Алаштың ардақты перзенттері - Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының рухына тағзым жасалып, ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Еске алу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары, жастар және Міржақып Дулатұлының ұрпақтары қатысты.
Бұл тағылымды шара - ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан алып тұлғаларға деген ел құрметінің, ұрпақ тағзымының көрінісі.













