Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми - практикалық конференция өтті

Жангелдин ауданында Алаш қайраткері, ұлт көсемдерінің бірі - Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми - практикалық конференция өтті.

Конференция барысында ғалымдар, зерттеушілер мен алаштанушы мамандар Міржақып Дулатұлының әдеби, публицистикалық, саяси мұрасына тоқталып, оның бүгінгі ұрпақ үшін маңызын кеңінен талқылады.

Шараға еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай - ақ Міржақып Дулатұлының ұрпақтары қатысты.

Бұл жиын - Алаш мұрасын ұлықтау, тарихи сананы жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.