Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына Торғай елінің тумалары жыл бойынша қаражат жинап, Торғай жерінде өтетін тойға өз көмек қолдарын созып, жомарттық танытты.
Торғай елінің 1977 жылғы туған азамат-азаматшалары Торғай мұражайлар кешеніне музыкалық аппаратты демеушілік жасап сыйға берді.
Елдің дамуына қосқан үлестеріңізге, демеушілік танытып, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының мерейтойына қолдау көрсеткендеріңізге алғысымызды білдіріп, ризашылығымызды айтамыз.
Сіздердің қолдауларыңыз елдің еңсесін көтеріп, Торғай тумаларының жомарт екендерін тағы да бір дәлелдеді.
Отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге денсаулық, жасап жатқан еңбектеріңізге табыс пен береке тілейміз!
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/2042-alash-arysy-mirzha-yp-dulat-lyny-140-zhyldy-merejtojyna-tor-aj-elini-tumalary-zhyl-bojynsha-arazhat-zhinap.html#sigFreeId5af70f12f5













