Еңбек ету- адамзаттың тіршілік көзі, тәрбие бастауы. Елеулі еңбегімен ілгері басып, өрге озған қарапайым еңбек адамы, зейнеткер, «Жангелдин ауданының Құрметті азаматы» - Ераділов Қабден ағамыз. Елімізге сіңірген еңбегімен, адал қасиеттерімен , нағыз маңдай тер, адал еңбектің нанын жеп жүрген жанның бірі. Еңбек адамы –адал ісімен көпке үлгі.
Ерәділов Қабден 1941 жылы 22 қаңтарда Жангелдин ауданы Саға ауылында дүниеге келген. 1948 жылы 1-6 сыныпты Саға ауылында оқыды. Албарбөгеттің орта мектебінде 4 жыл оқып, Қарағанды қаласына ауысып кетеді. 1960 жылы Торғайдағы училищені аяқтап, тракторист мамандығын алып шығады. 1962-1965 жылдары әскери борышын өтеп келгеннен кейін, автобаза мекемесіне жұмысқа қабылданады. Аталған мекемеде зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарады. 1971 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1981 жылы екінші мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталады. 1975 жылы «Победитель соц.соревнования» белгісімен, 1989 жылы «Ветеран Труда» медалімен наградталады. 1990 жылы «Почетному автотранспортнику» құрметті белгісімен марапатталады. Өңірге еңбегімен, мей¬ман¬¬достығымен, қайырымды қасиетімен танылған Қабден ағамыздан тараған ұрпақ бүгінде бір қауым елге, іргелі әулетке айналды. Бүгінде ұл-қыз тәрбиелеп, әрқайсысының өз жолын тауып кетуіне себепкер болып отырған ардақты әке, ата. Ағамыз әу¬лет¬¬тің ұйытқысы, отбасының тірегі, кішіге қамқор әке, аға, ағайынға жанашыр ретін¬де де өнегесі мол адам.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/2045-e-bek-adamy-2027.html#sigFreeIdeb1fa3a0e2













