Журналист, жазушы, педагог Сағи Әбілхасенұлы өмірден өтті. Туған туыстары, ағайын, бауырлары, отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Жаны жәннәттан, орны жұмақтан болсын.
ӘБІЛХАСЕНҰЛЫ САҒИ - (11.04.1936 ж т. Шеген ауылы) - педагог, жазушы. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1964ж.) Еңбек жолын мамандығына сәйкес Амангелді орта мектебінде ұстаздық етуден бастаған. Кейін біріңғай баспазөз қызметіне ауысты. Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» (Қазіргі «Біздің Торғай» ) газетінде бөлім меңгерушісі , редактордың орынбасары , Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінің Жангелдин ауданы бойынша меншікті тілшісі болды. «Көңіл құсы», «Таңқаласың», «Шарапат» кітаптарының авторы. «Сағидың сықақтары» кітабында да оның ел арасына тараған әзіл-оспақ, бірқақпайлары көрініс табады. Сағидың сын-сықақтары мен шымшыма шумақтары республикалық «Егемен Қазақстан», «Ана-тілі», облыстық «Қостанай таңы» басылымдарында үзбей жарияланып тұрады. Әбілхасенұлы Сағи Қазақстан Журналистер Одағының байырғы мүшесі. Қостанай меценаттары клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты.














