Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Алаш ардақтысы

Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Алаш ардақтысы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты - оқушылардың ұлттық рухын көтеру, Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығын терең танып, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін дәріптеу.

Ойынға аудан орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ оқушыларынан құралған «Алаш» тобы, Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ оқушыларынан құралған «Жас қыран» тобы және Н. Г. Иванов атындағы ЖББМ оқушыларынан құралған «Оян қазақ» тобы қатысты.

Ойын барысында қатысушылар Міржақып Дулатұлының өмірі мен еңбегіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Ойын жеңімпазы Н.ГИванов атындағы ЖББМ оқушыларынан құралған «Оян қазақ» тобы болды. Жеңімпаздар және қатысушылар мадақтамамен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Осындай танымдық іс-шаралар өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға ықпал етеді.