Бүгін Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы ЖББМ-нің 6 сынып оқушыларына қазақ халқының әйгілі ғалымы, зерттеушісі, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған мазмұнды музей сабағы өтті.
Шара барысында оқушылар Шоқанның саяхаттары, Шығыс халықтарының мәдениетін зерттеуі, қазақ тарихына қосқан үлесі туралы тың мәліметтер алды.
Мұндай сабақтар жас ұрпақтың туған елінің тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тұлғаларды терең тануға жол ашады.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/2063-sho-an-u-likhanovty-miri-men-ylymi-m-rasyna-arnal-an-mazm-ndy-muzej-saba-y-tti.html#sigFreeId00dc73f27b













