Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

15 қараша қаржыгерлер күні!

Қаржыгерлер мен есепшілер — мемлекет қазынасының сақшысы, ұйымдардың дамуы мен өркендеуінің негізгі тірегі, дәлдік пен жауапкершіліктің үлгісі.

Бүгінгі мерекемен музейдің есепшісі Акмарал Дильдабекова Мәлікқызын құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз — цифрлар мен есептің ғана емес, ел экономикасының дамуы мен әр кәсіпорынның тұрақты жұмысының кепілі.

Есептің нақтылығы, қаржылық жоспардың дұрыстығы, әр төлемнің уақытылы орындалуы — барлығы сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің арқасы.

Барша қаржыгерлер мен есепшілерді осы мерейлі күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, еңбектеріңізге лайықты бағалау мен зор денсаулық тілейміз.

Еңбектеріңіз әрдайым еселеніп, берекелі болсын!