Сіздерді Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі - Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кітапхана - ғасырлар бойы жинақталған білімнің, мәдениеттің және рухани байлықтың киелі ордасы. Сіздер - осы қазынаны сақтаушы, жүйелеуші және оқырманға жеткізуші, білім мен өркениеттің арасындағы алтын көпірдің мызғымас діңгегісіздер.
Бүгінгі ақпараттық-технологиялық дамыған заманда сіздердің еңбектеріңіздің маңызы ерекше. Себебі, сіздер жастардың бойына кітап оқуға деген құштарлықты ұялатып, оларды білімді де, ойлы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосып келесіздер. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз қоғамның рухани дамуының кепілі болып табылады.
Осы мерекелік күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, молшылық пен амандық тілейміз! Қызметтеріңізге шығармашылық табыстар, жаңа идеялар мен толағай жетістіктер тілейміз. Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, абыройларыңыз арта берсін!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!














