Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ұлттық теңге күні құтты болсын!

15 қараша — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңгенің айналымға енгізілген күні. Бұл дата – еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен дербес қаржы жүйесінің қалыптасуындағы тарихи белес.

Теңге – тәуелсіз мемлекетіміздің басты рәміздерінің бірі, елдің тұрақтылығы мен даму бағытын айқындайтын маңызды құндылық. Ұлттық валютаның қабылдануы Қазақстанның жаңа экономикалық кезеңге қадам басуына, өз қаржы саясатын дербес жүргізуіне негіз болды.

Осы мерейлі күнмен баршаңызды құттықтай отырып, еліміздің қаржы жүйесі тұрақты, экономикасы қуатты, әр шаңырақтың ырысы мен несібесі мол болсын деп тілейміз.

Тәуелсіздігіміздің тірегі – ұлттық теңгеміз қадірлі болсын!