Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Құрметті отандастар!

Баршаңызды ұлттық мереке - 25 Қазан - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн - еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы, халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын айқындаған тарихи белес. 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация біздің Тәуелсіздігімізге жол ашты.

Республика күні - елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің мерекесі! Біздің ортақ мақсатымыз - Әділетті Қазақстанды бірге құру, мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту.

Еліміздің Көк Туы әрқашан биікте желбіреп, бейбітшілік пен келісімнің нышаны болып қала берсін! Әрбір шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен қуаныш тілейміз!

Мереке құтты болсын!