Жангелдин ауданының Торғай ауылында мемлекеттік мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары бірігіп, өзен жағалауын тазартуға шықты. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық сана-сезімді арттыру мақсатында өткен сенбілік барысында түрлі қоқыстар жинап, табиғатты таза ұстаудың маңыздылығына назар аударылды.
Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтуге арналған. Ауыл тұрғындары мен жастардың белсенділігі - болашақ үшін үлкен қадам!













