1 қараша күні Жаркөл ауылында соғыс ардагері Қойшы Амангелдинге арнап ас берілді.
19 қыркүйек 1921 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Жаркөлде дүниеге келді. 1940 жылы Торғайдағы мектептің 9 сыныбын бітіріп, әкесінің көмекшісі болып мал бақты. 1941 жылы желтоксан айында майданға аттанып,
207 мотоаткыштар дивизиясы қатарында, Воронеж бағытында жаяу шабуылына қатысты. Атақты Курск шайқасында болды. Соғыстың нағыз қызу ұрыстарында жүріп, Тамбов облысы, Моршанск түбінде ауыр жараланып, 2 ай госпитальда болып, қайыра майданға кірісті. Көп ұзамай Львов қаласын азат етті, сондағы көрсеткен асқан ерлігі үшін III дәрежелі Данк орденімен марапатталды. Польшаның жерінде болған ұрыста бүйірінен оқ тиіп, ауыр жараланды. Шайқастағы ерлігі үшін 2 дәрежелі Данқ ордені иеленді. Бұның сыртында Отан соғысы ордені бар.
Елге 1945 жылы қараша айында оралды. Отан қорғауда көрсеткен ерлігі үшін ордендерден тысқары «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», бейбіт өмірде жеңістің 25, 30, 40 жылдығына арналған мерекелік медальдарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Елге келген соң ұжымшардың өндірістік бригадасының бригадирі болып жұмыс атқарды. 1953 жылдан бері КПСС мүшесі. 1955 жылдан мал бағуға шықты. Ерен еңбегі бағаланып Қазақ ССР
Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальмен марапатталды. 1983 жылы құрметті еңбек демалысына шыкты.
Тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Соғыс, еңбек ардагері 1988 жылы желтоқсан айының 21 күні дүниеден өтті. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін І дережелі Даңқ орденіне де ұсынылыпты, бірак ол қолына тимеген. 2025 жылы І дәрежелі Даңқ ордені ұсынылды. Даңқ орденінің 1,2,3 дәрежесінің иегері, толық Кеңес одағының батыры атағын иеленді.
Осы мерейлі мерекені атап өту мақсатында балалары мен ұрпақтары туған ауылында ас беріп, құран бағыштады. Осы атаулы күнде Торғай Торғайдың Жангелдин Мұражайлар Кешені ұжымы соғыс ардагерінің фотоқұжаттарынан видеокөрме дайындаса, басшы Гүлбану Құлетқызы соғыс ардагері туралы баяндама оқыды.













