XX ғасырдың басында қазақ халқының тәуелсіздігі мен болашағы үшін күрескен Алаш қозғалысының қайраткерлері тарихта мәңгілік із қалдырды.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауытұлы және олардың серіктері - халқымыздың ұлт болып қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Алайда сол кезде олардың еңбегі бағаланбады. Кеңестік билік оларды «ұлтшыл», «халық жауы» деп айыптап, көпшілігін қуғын-сүргінге ұшыратты. Көпшілігі атылды, айдалды, азап шекті.
Жылдар өтті… Әділдік те келді
Тек 1988 жылы, ондаған жыл өткен соң, Алаш қайраткерлерінің есімдері ақталып, оларға тағылған жала ресми түрде алынды.
Бұл - тек тұлғалардың ғана емес, қазақ халқының ар-ожданының ақталған сәті болды.
Бүгінде олардың идеялары мен арманы - тәуелсіз Қазақстанның негізінде жатыр.
Олар қалдырған мұра - ұлтты сүю, елді қорғау және білім арқылы болашаққа жол ашу.
Алаш арыстары - біздің мақтанышымыз, біздің рухани тірегіміз.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/2088-alash-arystaryny-a-taluy-lt-rukhyny-ajta-t-leui.html#sigFreeId5609302870













