Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін – Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының туған күні!

Бүгін – Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының туған күні!

Қазақ халқының рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан ұлт жанашыры, жазушы, ақын, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы – ұлттық сананың оянуына бастау болған тұлғалардың бірі. Оның «Оян, қазақ!» еңбегі тұтас бір дәуірдің рухани ұранына айналып, елді білімге, бірлікке, азаттыққа шақырды.

Міржақыптың өнегелі өмір жолы – ерлік пен адалдықтың, ұлтқа деген шынайы махаббаттың үлгісі.

Бүгін біз Алаш ардақтысының мұрасын терең қастерлеп, кейінгі буынға жеткізу – ортақ парыз екенін тағы бір еске аламыз.

Ұлт руханиятына өлмес із қалдырған Міржақып Дулатұлы есімі мәңгілік!