Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

"Ұлтын оятқан тұлға" атты дөңгелек үстел сұхбаты өтті

25 қараша Алаш арысы Міржақып Дулатұлының туған күні мен 140 жылдық мерейтойына орай Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінде "Ұлтын оятқан тұлға" атты дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

Сұхбатқа аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин Орта Мектебі, Шоқан Уәлиханов мектебі, Н.Г.Иванов Мектебі тарих пәнінің мұғалімдері, Жангелдин Ауданының Орталықтандырылған Кітапханасы қызметкерлері, Жастар ресурстар орталығы қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалды.

Дөңгелек үстел соңында мектеп оқушылары Ниязбек Таңжарық Міржақып Дулатұлына арнау арнаса, Төлеухан Аян өз шығармашылығынан өлең оқыды. Бұхарбай Айару Міржақып Дулатұлының өлеңін нақышына келтіріп оқыды.