Соның ішінде қоғамды алаңдататын өзекті мәселенің бірі – интернет алаяқтық. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен онлайн қызметтер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жыл өткен сайын көбейіп, әсіресе жасөспірімдер мен жастарды оңай нысанаға айналдыруда.
Осыған байланысты бүгін «Торғайдың «Жангелдин мұражайлар кешені» КММ ұйымдастырумен «Интернет – алаяқтықтың негізгі әдістері мен тәсілдері» атты кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – интернет алаяқтықтың кең таралған түрлерін түсіндіру, одан сақтану жолдарын үйрету, құқықтық сауаттылықты арттыру және оқушылардың цифрлық қауіпсіздігін нығайту. Құқықтық мәдениет пен сақтық дағдыларын қалыптастыру;Құзырлы орган өкілдерімен ашық пікір алмасу.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтарымыз:
1.Жангелдин ауданы прокуратурасының аға прокуроры – Қозбақ Мейрамгүл Шәмшиденқызы
2.Жангелдин ауданы полиция бөлімінің басшысының бірінші орынбасары, полиция капитаны – Мұстафа Азамат Фазылбекұлы.
Кездесу барысында әрқайсымыздың қауіпсіздігімізге тікелей қатысты мәліметтер мен заңды құқықтарымыз туралы айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, құзырлы орган өкілдерінен өздерін қалай қорғауға болатынын нақтылап біліп алды.
Кездесуге қатысқан барлық көрермен мен қонақтарымызға алғыс айтамыз.













