9 маусым 2020 жыл
Мұхамбетов Айдар
1918 жылы Торғайдың Тосын құмында өмірге келген. 1939 жылы Алматы облысындағы педагогикалық училищесін бітірген. Еңбекші қазақ ауылында мұғалім болып жүргенінде әскерге шақырылды. 1941 жылдың тамыз айынан соғысқа кіріп, қанды айқастың бірінде немістерге тұтқынға түседі. 125 атқыштар полкінде жауынгер еді. 1945 жылдың сәуір айында Кеңес әскерлері босатып алады. 1945 жылдың мамырынан 1946 жылдың маусымына дейін 5-ші трофейный батальон құрамында болды. Неміс тұтқынында болуы салдарынан кеңестік қиындықтарды бастан кешірді. 1947 жылдың желтоқсанында Торғай әскери комиссариатына есепке қабылданады. 1984 жылы автобазада қоймашы болып жүрген кезінде дүниеден өтті.