Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Өмірден озды...

Өмірден озды...

Өлкетанушы Қарабала Ертай Жәлелұлының өмірден өткеніне туған туыстары, отбасына қайғыра көңіл айтамыз.

ҚАРАБАЛА ЕРТАЙ ЖӘЛЕЛҰЛЫ - 14.02.1956 ж. Қостанай облысы (бұрынғы Торғай облысы) Жангелдин ауданы Торғай селосында дүниеге келді. Торғай селосындағы Н.Г. Иванов атындағы орыс орта мектебін тәмәдады. Еңбек жолын Жангелдин аудандық ДЭУ-10 мекемесінде жұмысшы болып бастады. 1980ж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық пед.институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтады. Жангелдин ауданындағы Ы.Алтынсарин ат.қазақ орта мектебіне мұғалім болып қызмет істеді. Жангелдин аудандық комсомол комитетінде, Жангелдин аудандық партия комитетіне нұсқаушы, 1989ж. күзінде Ы.Алтынсарин атындағы кеңшарға партком хатшысы, 1991 ж. кеңшарда заң кеңесшісі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1993-1995 жж. Жангелдин ауданы Алтынсарин ауылдық округіне ауыл әкімі болды, Жангелдин аудандық кәсіподақ комитетінде нұсқаушы, заң кеңесшісі, 1996 ж.мемлекеттік тергеу комитетінің Жангелдин аудандық бөліміне тергеушілік, 1997 ж. Жангелдин аудандық ІІБ-де тергеуші, аға тергеуші, бөлім бастығының орынбасары, штаб бөлімшесі бастығы қызметтерін атқарып 2008 ж. зейнеткерлікке шықты. Қоғамдық негізде «Тархан ұрпақтары» қоғамдық қордың атқарушы директоры жұмысын атқаруда. Қазақстан ЛКЖО Құрмет грамотасымен және ішкі істер органындағы жұмыс кезеңінде – ҚР ІІМ-мен Қостанай облыстық ІІД-ның мақтау қағаздарымен марапатталды.