26 сәуір - адамзат тарихындағы ең ауыр техногендік апаттардың бірі -Чернобыль апаты болған күн. Биыл осы қайғылы оқиғаға 40 жыл толып отыр.
1986 жылы дәл осы күні Чернобыль атом электр станциясында (ЧАЭС) болған жарылыс салдарынан мыңдаған адам зардап шегіп, миллиондаған тұрғын радиация әсеріне ұшырады. Бұл апат тек бір елдің ғана емес, бүкіл әлемнің жүрегіне жара салды.
Апат салдарын жоюға қатысқан ержүрек ағаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың арасында Торғай елінен аттанған
Кунтуаров Олег,
Ғалымжанов Жақсыбай,
Ғалымов Әнуарбек ағаларымыздың ерлігі ұрпақ жадында. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, адамзатты одан да үлкен қауіптен сақтап қалды.
Бүгін біз сол бір қасіретті күнді еске алып, құрбандардың рухына тағзым етеміз. Чернобыль - бұл тек өткеннің сабағы емес, болашаққа үлкен ескерту.
26 сәуір - адамзат тарихындағы ең ауыр техногендік апаттардың бірі -Чернобыль апаты болған күн. Биыл осы қайғылы оқиғаға 40 жыл толып отыр.













