Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар ! Аудан тұрғындары

12 маусым 2020 жыл

 

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар ! Аудан тұрғындары

Музейдің негізгі құндылығы-оның жәдігерлері. Музей қорын толықтырудың көптеген жолдары мен әдістері бар. Солардың бірі — «Музейге сый тарту» акциясы болып табылады. Бұл акцияның негізгі мақсаты — ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару, ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы бар құнды дүниелерді, ұлы тұлғалардан бізге жеткен жәдігерлерді жинақтау, кәсіби тұрғыда сақтау, көпшілік назарына ұсыну.

Музей күні мерекесі қарсаңында басталған акция аясында музейге сый жасаған жандардың бірі — Торғай ауылы тұрғыны Шәлпенеева Салима Нығметқызы. Апамыз ертеден әже-аналарымыздың үй тұрмысында қолданған тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ағаштан жасалған бүйым келі-келсапын сыйға тарту етіп отыр. «Музейге сый тарту » акциясы аясында қабылданған бұл зат құнды жәдігерлердің бірі болып біздің қордың толықтырады . Акция жыл аяғына дейін жалғасады.