Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

17 маусым 2020 жыл Жеңіске 75 жыл

17 маусым 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

Шайхин Даухан - 1912 жылы Жаркөл аулында туған. 1942 жылы ақпанда әскерге алынған. Сталинград майданында, кейін Рокоссовский қолбасшысының майдан құрамында Берлинге дейін барған. Ұрыс даласындағы ерлігі «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сондай-ақ Жеңістің мерекелік медальдарымен белгіленген. Елге 1945 жылдың қазан айында оралған. 1956 жылға дейін ұжымшардың белсенді мүшесі боп еңбек етті. 1973 жылы зейнетке шыққанға дейін «Албарбөгет» кеңшарында шопан болды. Үздік еңбегі аудандық, облыстық деңгейде талай аталды. «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», І дәрежелі Отан соғысының ордені – бейбіт күнде алған наградалары. 1987 жылы наурыз айында дүниеден өтті.