Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Музейдің негізгі құндылығы - оның жәдігерлері

19 маусым 2020 жыл

Музейдің негізгі құндылығы - оның жәдігерлері. Музей қорын толықтырудың көптеген жолдары мен әдістері бар. Солардың бірі - «Музейге сый тарту» акциясы болып табылады.

Музей күні мерекесі қарсаңында басталған акция аясында музейге сый жасаған жандардың бірі — жерлесіміз, КСРО мәдениет ісінің үздігі, зейнеткер, ардақты ана Рысты Ерденқызы өзінің концерттік киімдерін музей қорына сыйға тарту етті. Акция жыл аяғына дейін жалғасады.