22 маусым 2020 жыл
Ғалым, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және «Күлтегін» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы маусым айында елге келу сәтінде мұражай басшысы Гүлбану Құлетқызына Түрік қағанатын құрған түріктердің тарихына арналған «Ортағасырлық түріктер», ежелгі замандарда Ұлы даланы мекендеген сақ халықтарының тарихына арналған «Ежелгі түріктер», байырғы мұңғұл және татар халықтарының тарихына қатысты зерттеулері енгізілген «Шығыстағы түріктер», осы еңбектерінің қортынды түйіні іспеттес «Жер-жаһанда арғыатаңның ізі бар» қолтаңбасы мен кітаптарын музей қорына бірнеше еңбектерін ұсынды. Бұл шығармалар есепке алынып қорға енгізілді. Назарларыңызға еңбектері мен кездесу сәтінде түскен фотосуреттерін ұсынамыз.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/241-ojshy-ara-sal-ara-ly.html#sigFreeId97044f723f