Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

25 маусым 2020 жыл Жеңіске 75 жыл

25 маусым 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

САРЫБАЕВ ҚАСЫБАЙ 1905 жылы 12 қаңтарда Торғай қаласында туған. Серіктестіктер ұйымдасқан кезде басқарушылық жұмыстарда болған. Торғайлықтардан алғашқыларының бірі болып жүргізушілік мамандағын игерген. Әскерге 1943 жылдың наурызында шақырылған, І Прибалтика, ІІІ Белорус майдандарында ұрыстарға қатынасқан. «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», сондай- ақ Жеңіс пен Қарулы Күштерінің айтулы жылдарының медаль- белгілерімен мараптталған. Қай жұмыстан да бас тартпаған, жүргізушілікпен қоса Торғай пима басу ісін ұйымдастырған шебердің бірі болды. Соғыстан елге оралған соң өзінің мамандығы бойынша аудан мекемелерінде, шаруашылықтарда жұмыс істеді. Негізінен аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатының байырғы ардагерлерінің бірі еді. Жұбайы Күлпара Нұркеқызы екеуі 6 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірді.