10 шілде 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
БОГОМАЗ ВАСИЛИЙ ПЕТРОВИЧ
Отставкадағы сержант, соғыс және еңбек ардагері 1925 жылы Краснодар өлкесінде туған. Әскерге 1942 жылы тамызда алынған. Солтүстік Кавказ жерін азат етуге қатынасқан. Әскерден 1947 жылы босаған. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1965 жылдан бастап Торғайда тұрып, автобазада шеберхана меңгерушісі боп жұмыс істеді. Жұбайы Валентина Григорьевна, балалары Ольга, Анатолий жергілікті тұрғындармен шын достық пейілмен араласып, ауылымыздың құрметті адамдарына айналған. Василий Петрович 2000 жылы дүниеден өтті.