4 тамыз 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
ЖҰМАБАЕВ АҢСАҒАН
1924 жылы 14 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Челябі облысы Шұбаркөл деген жерде әскери дайындықта болған, сол арадан Ленинград майданына аттанған. Жаяу әскерде қатардағы жауынгер болған. Майданнан елге денсаулығына байланысты 1943 жылы оралған. Әскерге кеткенше колхозда әр-түрлі салада қызмет жасаған. 1948 жылы отбасын құрған. Жолдасы Райхан Баяхметқызымен отбасы құрғаннан кейін бір ұл, жеті қыз баланы жарық дүниеге әкелген. Қазіргі таңда солардан 30 немере, 18 шөбересі бар. 1965 жылдың 19 қаңтарынан бастап 1981 жылдың 17 қаңтарына дейін тұрмыс қажетін өтеу комбинатының филиалында етікші болып қызмет атқарған. 1998 жылы 2 наурызда дүние салды.