1 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы Қожин Қайралап 1904 жылы Торғайдың Қошалақ құмында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан, кейін САУЖОЙдан ашқан. Ауданда алғаш техника тетігін меңгеріп, жүргізуші болған азаматтың бірі. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарында ұрыстарға қатнасып, бірнеше жауынгерлік медальдар алған. Соғыстан кейін ұжымшарда жүргізуші, кейін кеңшарда күзетшілік міндеттерін атқарған. Ұлдары Тілектес, Жанатай Шиліде тұрады. Бәйеке атты баласы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кеңшар парткомының хатшысы жұмыстарында істеді. Инабатты, үлгілі отбасы. Қайралап ақсақал 1977 жылы дүниеден озды.
