2 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Молдахметов Биғали
1916 жылы Шұбалаң аулында дүниеге келген. Аудан орталығындағы қазіргі Иванов атындғы мектептің 7 класын бітірген. Еңбек жолын аудандық ішкі істер бөлімінде хатшы боп бастаған. Албарбөгет орталау мектебінде мұғалімдік жұмысты да істеген. 1942 жылы армияға алынып, 234 дивизияның артиллерия полкінде бөлімше командирі болып ұрыстарға қатынасқан. 1944 жылы ауыр жараланып, елге оралған. Әскерден кейін жас майдангер, коммунист ауатком төрағасының орынбасары, аупарткомның әскери столының болып жұмыс істеген. Кейін аудандық жер бөлімінің, аупарткомның ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі міндеттерін де абыроймен атқарған. Бұдан кейін аупарткомның Албарбөгет МТС-і аумағындағы хатшысы болып, «Жаңа тұрмыс» ұжымшарының төрағасы жұмысын атқарды. Ауданға кң?шарлар жүйесі келген кезде малбордақылау кеңшарының директоры болды. Кейін аудан кеңшарларында бөлімше басқарушысы, аудандық дайындау мекемесінің, аудандық мұнай базасының бастығы жұмыстарын да мінсіз атқарды. 1981 жылы Арқалықта дүниеден озды. Жұбайы Төлендіқызы Тортай екеуі 8 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген бақытты отбасы. Балаларының көбі жоғары білімді. Ішінде институт мұғалімі, инженер, зоотехник т.б. мамандық иелері бар. Олар Астана, Қостанай, Арқалық, Торғай қалаларында тұрып жатыр.