7 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Нұрғалиев Қазанғап
1922 жылы Торғайдың Шилі өңірінде туған. Шиліде жеті жылдық мектеп бітірген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Белоруссия, Украина жерінде жаумен ұрыстарға қатынасып, бірнеше рет жараланды. Жауынгерлік медалі бар. Әскерден кейін ұжымшарда, кейін кеңшарда қойма меңгерушісі боп істеді. Кейін жұмысшылар кооперациясында төрағаның сауда жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. Соғыс мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 2003 жылы туған аулында дүниеден өтті.