8 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Нұртаев Жарылғасын
1898 жылы кәзіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет округінде маусым айында дүниеге келген. 1942 жылы 1 мамырда Қызыл әскер қатарына шақырылған. Шұбаркөлде 2 ай әскери дайындықтан өтіп, майданға аттанды. 82- ші дивизия, 81-ші полкте пулеметчик болған. 1944 жылдың 15 қаңтарына дейін Ленинград қоршауында болған. Қоршауда көрсеткен ерлігі үшін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. 1944 жылдың 8 ақпанында Нарва қаласы үшін ұрыста ауыр жараланып, госпитальға түскен. 1945 жылы ауылға жеңіспен оралып, балаларының қызығын көріп, 1990 жылы дүниеден озды. Екі баласынан 7 немересі бар. Нұртаев Жарылғасын Амангелді атындағы ұжымшардың, кейін «Еңбек» кеңшарының жылқы түлегін өсіріп, көбейтуге көп еңбек сіңірген кісі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштерінің мерекелік медаль- белгілерімен марапатталған. Бейбіт күнде алған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі бар.