11 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Омаров Нұрғали 1924 жылы Торғайдың Қошалақ құмында дүниеге келген. Шиліде жеті жылдық мектеп бітірген. Әскерге 1943 жылы шақырылған. Ұрыстарда екі рет жараланып, 1945 жылы елге оралған. Сырттай 1950 жылы пеучилище бітірді. Көп уақыт бастауыш мектепте мұғалім, меңгеруші боп істеді. Кейін «Шилі» кеңшарында шопандықта болды. Соғысқа қатысушы ретінде мерекелік марапаттаудан қалған жоқ. 1988 жылы қайтыс болды.