16 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы
Оразбеков Қапар
1924 жылы Торғайдың Шилі өңірінде туған. Шиліде жеті жылдық мектеп бітіріп, ұшымшарда есепші болып істеді. Әскерге 1942 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысының ұрыстарында бір аяғынан айрылып, 1945 жылы елге оралды. Әуелі ұжымшардың бас есепшісі, кеңшардың бас есепшілігін атқарды. Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль белгілермен марапатталды. 1986 жылы өз туған ауылында дүниеден өтті.