Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Өтепбергенов Досмағұл

18 қыркүйек 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Өтепбергенов Досмағұл

1906 жылы Торғайдың Көкалат ауылында туған. Байдың малын баққан, серіктестіктерде еңбек еткен. Атақты Албарбөгет бөгетін салуға қатынасқан. 1931 жылы Орск қаласында теміржолда істеген. Кейін елге келіп шығырмен егін салған. 1941 жылы әскерге алынып, Ленинград майданында ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы соғыста бір аяғынан айырылып, 1-ші топтағы мүгедек болып елге оралды. Амангелді ұжымшарында қойма меңгерушісі боп жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. Рзакүл есімді қызы, Қапен атты ұлынан тараған немере, шөберелері бар. Өзі 1979 жылы өмірден өтті.