Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Тасмағанбетов Тұрақ

22 қыркүйек 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

Тасмағанбетов Тұрақ

Қазіргі Ақтөбе облысы, Ключевой ауданы, Мырзалы ауылында 1912 жылы туған. 1934 жылға дейін бастауыш мектепте оқытушы болып істеген. 1938 жылы Қостанайдағы педтехникумды бітірген. 1942 жылға дейін Торғай ауданында Шилі, Ақсуат орталау мектептеріне оқытушы және басқарушы болып істеген. 1942 жылдан 1944 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатынасты. Сталинград майданында 112-ші атқыштар полкінде болып, аяғынан ауыр жараланып, ІІ топтағы мүгедек болды. Ұлы Отан соғысының қатысушы ретінде Жеңістін, сондай-ақ ССРО Қарулы Күштерінің айтулы жылдарында мерекелік белгі- медальдарымен атап өтілген. Албарбөгет 7 жылдық мектебінде директор болып істеді. 1949 жылдан 1952 жылға дейін Торғай балалар үйінде директор болып қызмет атқарды. Қарақоға, Шұбалаң 7 жылдық мектептерінде 1960 жылға дейін оқытушы және директор болып істеп, денсаулығына байланысты оқытушылықтан босады. 1989 жылы дүниеден өтті. 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді.