Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

МОЛДАБЕКОВ СЫПАБЕК

25 қыркүйек 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

МОЛДАБЕКОВ СЫПАБЕК 1912 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Жангелдин ауылында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, әкесінің інісі Алматтың қолында өскен. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Кеңес өкіметі орнаған соң 4 кластық білім алған. Ауылда жастар ұйымын құруға қатысқан. Соғысқа дейін есепші, салық агенті, аудандық халық шаруашылығы есебін жүргізетін мекемеде (нархозучет) нұсқаушысы боп қызмет істеген. 1941 жылы армия қатарына шақырылып, 1945 жылдың мамырына дейін ұрыстарға қатысқан. Прибалтика майданының атқыштар дивизиясында зеңбірек расчетының командирі болған. 1945 жылдың қарашасында елге келді. Майдандағы ерліктері үшін, сондай-ақ Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында орден медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін «Қызыл әскер» ұжымшарын, Жангелдин ауылдық кеңесін басқарды. Кейін қойшылыққа барып, озат еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденін алды. Жұбайы Зейнеп Үдербайқызы екеуі өсірген 4 ұлы да жоғары білімді, ел басқарған азаматтар, қазір олардан тараған ондаған немерелер мен шөберелері бар.