28 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
ТАЙМАНОВ МЕШІТБАЙ 1914 жылы Торғай уезіне қарасты №6 ауылында туған. Армия қатарына 1940 жылы шақырылған, жауды шекарада - Белоруссия жерінде қарсы алған. Батыс майданының құрамысында артиллерия көздеушісі болған. Соғыстың алғашқы айларында-ақ ауыр жараланып, бір аяғынан айырылып, 1942 жылы елге келді. Жарақатынан айыққан соң, «Қызыл Жұлдыз» ұжымшарында партия ұйымын басқарды. Жарақаттар себебінен 1959 жылы өмірден озды. Артында жалғыз ұлы Қабжан қалды, қазір жоғары білімді сауда саласының зейнеткері, Алматыда тұрады.