29 қыркүйек 2020 жыл
Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
МҮСІРАЛИН ІЗБАСАР 1913 жылы Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында туған. 1941 жылдың 21 қарашасында армияға шақырылып, 1945 жылдың қазан айына дейін әскер қатарында болған. ІІ Украина майданының 380 атқыштар полкінің атқышы болып талай ұрыстарға қатынасқан. Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін жеңістің атаулы жылдарының орден, медальдарының бәрімен атап өтілді. Армия қатарынан елге 1946 жылдың басында оралған. «Жаңа тұрмыс», «Соц жол» ұжымшарында әрі кітапхана меңгерушісі, әрі парторг боп істеген. Сондай-ақ Жаркөл ауылдық кеңесінің хатшысы қызметін де атқарды. «Албарбөгет» кеңшарының «Тентексай» бөлімшесін басқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары боп жұмыс жасады. Жұбайы Ажар екеуі өсірген ұлы Санақ Ізбасаров бүгінде ауылдағы тәрбиелі азамат, майдангердің немерелерін өсіріп отырған үлгілі ұстаз ретінде елге сыйлы.